Placeholder
Новости Казахстана22 июня 2023, 19:17

ШҚО-да болған жарылыстан 5 көлік өртеніп кетті

Шығыс Қазақстан облысындағы Шемонаиха қаласы газ жарылып екі адам күйіп қалды, деп хабарлайды Arbat.media

Төтенше жағдай Шемонаиха қаласы Украинская көшесіндегі газ баллондарына жанармай құю станциясында болған жарылыс салдарын өрт шыққан.  Соның кесірінен 5 техника отқа оранды. 

 Бұдан бөлек, термиялық күйік алған 2 адам ауруханаға жеткізілгені белгілі болды. Аталған оқиғадан тұрғын үйлер мен орман қорына қауіп төнбеді. 

Өңірдегі ТЖД мамандар оқиғаға 5 өрт сөндіру автокөлігі және 12 адам жұмылдырылғанын атады. 

ШҚО газ Жарылыс

Новости по теме