Placeholder
Новости Казахстана11 сентября 2023, 17:10

СҚО: Әкесімен аңға шыққан бала аяғын атып алған

СҚО-да әкесімен аңға шыққан бала аяғын атып алған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитеті Қару айналымын бақылау және табиғатты қорғау басқармасының бастығы Асылбек Ыдырысов айтты.

2 қыркүйектен бастап күзгі аңшылық кезеңі басталды. Аңшыларды аң аулау және қаруды қауіпсіз ұстау қағидаларын сақтауға шақырамыз. Аң аулау кезінде бұндай оқыс оқиғалар кездесіп жатыр, мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында әкесі баласымен аңға шығып, баласына қару берген. Ал баласы қару ұстау ережесін білмегендіктен аяғын атып алған.

Уәкілетті қорықшы қызметі аң аулау кезеңінде бақылауды күшейту бойынша бірқатар іс-шара қабылдап жатыр.

 

Әкімшілік полиция комитеті СҚО Оқыс оқиға Аңшы

Новости по теме