Новости Казахстана27 января 2023, 19:14

Шораев, Боқаев, Тайжан: Мәжіліс депутаттағына кімдер өзін үміткер ретінде ұсынды?

Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына мажоритарлық жүйе белгілі қоғам өкілдері өзін өзі ұсына бастады, деп хабарлайды Arbat.media.

Ресейдің Украинаға басып кіруін үнемі айыптап жүрген белгілі медиаменеджер, қоғамның белсенді өкілі Арман Шораев Астана қаласының Мәжіліс депутаттығына сайлауға түсуге ниеттеніп отыр. Ол қазіргі уақытта тиісті құжаттарды тапсырып үлгерген. 

Сонымен бірге, саясаттанушы Санжар Боқаев саяси додада бағын сынауға бел буған. 

Құжаттарды өткіздім. Алматылықтар мені қолдар деген үміттемін. Қызықты, мазмұнды әрі креативті сайлау науқаны өтетініне уәде беремін. Еліміздің келешегіне сенемін. Ол үшін бізге үкіметті бақылай алатын мықты парламент керек, - дейді Санжар Боқаев.

Бұдан бөлек, экс-сенатор, оппозициялық саясаткер Уәлихан Қайсаровтың Мәжіліске депутат болу үшін құжат тапсырғаны белгілі болды. Сондай-ақ, экономист, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан Мәжілістің мандатынан үміттілердің бірі болып отыр. 

Жұма күнін арнайы күтіп, мажоритарлық жүйені пайдаланып, Мәжіліске тәуелсіз үміткер ретінде (ешқандай партиядан емес) тіркелу үшін өтінішімді тапсырдым. Көп азаматтар мені өз өнірлерінің үміткері ретінде көргісі келді. Бірақ мен Алматыдан түсемін, - деп Мұхтар Тайжан әлеуметтік желіде жазды.

Кезекті Мәжіліс сайлауы 2023 жылдың 19 наурызында өтеді. Бұл жолғы шақырылымда депутаттардың 69-ы партиялық тізіммен, қалған 29-ы мажоритарлық жүйе негізінде халық қалаулысы атанбақ. Айта кететінің, депутатардың саны бұл жолы 9 мандатқа қысқарған. Өткен шақырылымда Мәжілісте 107 депутат болса, бұл жолы олардың саны 98 адамды құрамақ. 

 

Арман Шораев Санжар Боқаев Мұхтар Тайжан сайлау

Новости по теме