Новости Казахстана17 мая 2023, 13:30

Сомалиде нөсер жауып, бірнеше аймақты су басты

Қуаңшылықтың зардабын әбден тартқан Африканың шығысындағы Сомалиде көптен күткен нөсер жауын жауды, деп хабарлайды Arbat.media.

The Associated Press-тің жазуынша, толассыз жауған жаңбыр салдарынан Шабель өзені арнасынан асып кеткен. Соның нәтижесінде су тасып, бірнеше аймақта төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақыттагі белгілі ақпарат бойынша тілсіз жаудан 22 адам қаза тауқаны анықталды. Бұдан бөлек, 220 мыңнан астам адам үйлерін тастап, қауіпсіз аймаққа қашып жатыр. 

Сондай-ақ,Сомалидегі мемлекеттік мекемелер, мектептер мен ауруханалар жауын салдарынан жұмысын тоқтатты. Қазір елде қауіпті ауру таралу мүмкін екені болжанып, тырысқақ пен безгек дерттерінің таралады деп айтылған. 

Сомали Нөсер Төтенше жағдай

Новости по теме