Placeholder
Новости Казахстана17 мая 2023, 13:51

Семейде өрт кезінде 8 адам құтқарылды

Абай облысында көпқабатты үйде болған өрт кезінде 8 адам құтқарылды, деп хабарлайды Arbat.media 

Оқыс оқиға Семей қаласындағы Докучаев көшесінде тіркелген. Бірден оқиға орнына 1 БИС шақыру дәрежесі бойынша өрт сөндіру бөлімшелері дереу жіберілді. Өрт сөндірушілер келген кезде көп қабатты тұрғын үйдің алтыншы қабатындағы балкон ашық жалынмен жанып жатқан.

Кіреберісте қатты түтін болды. Барлау нәтижесінде алтыншы қабаттағы пәтерде жиһаз, тұрмыстық техника, жеке заттар, терезе мен есік блоктары, сондай-ақ балконның ағаш конструкциялары жанғаны анықталды, - деді өрт сөндіру қызметінің өкілдері.

Өрт сөндірушілердің кәсіби әрекеттерінің арқасында өрт қысқа бірден ауыздықталған. Сала қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен жоғарғы қабаттардан сегіз адам, оның ішінде үш баланы құтқарды. Тағы 30 адам қауіпсіз жерге көшірілді. 

Өрттің тараған ауданы 18 шаршы метрді құрады. Төтенше оқиғадан қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Қазіргі уақытта тілсіз жаудың себебі анықталып жатыр. 

 

семей Өрт үй

Новости по теме