Новости Казахстана15 июня 2023, 18:55

Семей орманындағы өрт 4-5 күнде сөндіріледі - вице-министр

«Семей орманы» табиғи резерватындағы орман өртін сөндіруге 4-5 күн уақыт керек, деп хабарлайды Arbat.media.

Төтенше жағдайлар бірінші вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев  өрт сөндіру жұмыстары әлі жалғасып жатқанын атады. 

Қазіргі уақытта өрттің беті қайтты. Бірақ әлі өрт сөндіру жұмыстары жалғасып жатыр. Өрт толық сөндіруге дейін керек күш-құралды қалдырдық. Басшылық сол жерде. Өрттің жалпы аймағы 60 мың гектар болған, - деді Ибрагим Күлшімбаев.

Вице-министр Абай облысындағы өрт шығыны әлі есептелмегенін атады. Сонымен, бірге апат аумағындағы елдімекендере төніп тұрған қауіп жоқ. 

Өртті оқшаулау және жою деген түсінік бар. Яғни бұл тілсіз жау бақылауға алынғанын, оның таралу қаупі жоқ екенін білдіреді. Бірақ дала және орман өрттерін толық жою кейде бір аптаға дейін созылуы мүмкін, - деді вице-министр. 

 Сондай-ақ, ол өрттің шамамен қанша күнде сөндірілетінін атады. 

Өрт жойылғанға дейін 4-5 күндей кетуі мүмкін, - деді ол. 

 Бірнеше күннен бері Абай облысында жанып жатқан орман өртінен 15 адам қайтыс болды. Сонымен бірге, төтенше жағдай кезінде сала министрі отставкаға кетті. 

Абай облысы Орман өрті Төтенше жағдай

Новости по теме