Placeholder
Новости Казахстана24 мая 2023, 21:49

Сауд Арабиясы ғарышқа алғашқы әйел ғарышкерін ұшырды

Саударабиялық Райяна Барнави Халықаралық ғарыш станциясында бірқатар эксперименттер жүргізетін болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сонымен бірге ол жеке миссия аясында ғарышқа тағы бір саудиялық Али Әл-Карни, бұрынғы NASA астронавты Пегги Уитсон және жүргізуші Джон Шофнермен бірге ғарышта жұмыс істемек. Azattyq Ruhy-ның жазуынша, Райяна Барнави Сауд Арабиясынан шыққан алғашқы әйел ғарышкер болып отыр. 

Сүт безі қатерлі ісігін зерттеушісі Барнави – бірқатар эксперименттер жүргізу үшін халықаралық ғарыш станциясына алғаш рет барған екі саудиялықтың бірі. Екінші әскери ұшқыш Али Әл-Карни болды.

Axiom Space жеке ғарыш компаниясы ұйымдастырған коммерциялық миссияға NASA-ның бұрынғы астронавты Пегги Уитсон және америкалық кәсіпкер Джон Шофнер қосылды.

SpaceX Falcon 9 зымыран тасығышы жексенбі күні кешке Флоридадан Crew Dragon кемесін сәтті ұшырды.

Сауд Арабиясы Ғарыш Әйел

Новости по теме