Placeholder
Новости Казахстана8 сентября 2023, 15:31

Шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған

Тараздағы шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Спорттық құмар ойын салдарынан қарызға батқан Тараз қаласындағы шағын қаржы мекемесінің директоры өз фирмасын тонаған, деп хабарлайды ІІМ.

7 қыркүйекте Тараз қаласының «102» арнасына шағын қаржы мекемесіне тонау жасалғаны туралы хабарлама түсті.

Полицейлер келгеннен кейін сол мекеме филиалының 47 жастағы директоры кассирді дәретхана бөлмесіне қамап, кассадан 24,5 млн теңге көлеміндегі ақшаны иемденіп, белгісіз бағытқа қашып кеткені анықталды.

Осы дерекке қатысты ҚР ҚК 191-бабының 4-бөлігі (аса ірі мөлшерде жасалған тонау) бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Жеке құрамға шұғыл бағдар беріліп, «Тосқауыл» жоспары енгізілді. Сондай-ақ өзге де жедел іс-шаралар кешені жүргізілді, оның ішінде тонаушының туыстарымен және айналасындағы жақын араласатын адамдармен байланыс жасалып, нәтижесінде күдікті қала аумағынан тыс жасырынып үлгермей, өз еркімен ұрланған ақшаны алып, полиция органына келуге мәжбүр болды.

Тараз Тонау фирма директор

Новости по теме