Placeholder
Новости Казахстана29 марта 2023, 18:28

"Шалдың жүйесін" сынаған Еділ Жаңбыршин Мәжілісте комитет төрағасы болып сайланды

Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы лауазымына Еділ Жаңбыршин сайланды, деп хабарлайды Arbat.media.  

Депутаттар дауыс беру арқылы Еділ Жаңбыршиннің кандидатурасын қолдады. Мәжіліске Маңғыстау облысынан сайланған депутат бір мандатты округтен сынға түскен болатын. 

Еділ Жаңбыршин Мәжілістің өткен шақырылымында депутат болып, "әділ мемлекет құру үшін Назарбаев жүйесін құрту керек" деп пікір білдіруімен ерекше есте қалған. Оны қоғам өкілдері Қазақстанның президенті болған Н.Назарбаев туралы бұрын жазған жылы жазбасын көрсетіп, кеңінен талқылаған болатын. Сонымен бірге, депутат Үкімет мүшелерін сынап, олардың мемлекеттік тілді еркін меңгермеуіне байланысты бірнеше рет ескерту жасаған еді. 

 

Еділ Жаңбыршин Мәжіліс Парламент Комитет

Новости по теме