Placeholder
Новости Казахстана5 июля 2023, 15:35

Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші кезеңінен шықты

Әлемнің үшінші ракеткасы, қазақстандық Елена Рыбакина Уимблдон турнирінің екінші айналымына шықты, деп хабарлайды Arbat.media.

Жарыстың басты фавориттеріне баланған Е.Рыбакина алғашқы айналымда әлемнің 49-ракеткасы, америкалық Шелби Роджерспен шеберлік байқасты. Орталық корттағы матчта америкалық теннисші брейкпен бірден алға шығып, 6:4 есебімен жеңді. Екінші партияда қазақстандық спортшы 5:0 есебімен алға кетті. Сосын өз пайдасына шешті – 6:1.

Рыбакина үшінші, шешуші сетті де брейкпен бастап, ақыры матчты 6:2 нәтижесімен. Бір сағат 43 минутқа созылған бәсеке барысында Елена 12 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдалана алды. 

Енді Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 74-ракеткасы, франциялық Ализе Корне немесе рейтингте 127-сатыдағы жапониялық Нао Хибиноның біреуімен таласады.

Елена Рыбакина Теннис Уимблдон

Новости по теме