Placeholder
Новости Казахстана21 апреля 2023, 16:05

Риддер қаласының әкімі қайтыс болды

Шығыс Қазақстан облысына қарасты Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Дмитрий Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шемонаиха ауданында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «құқықтану» мамандығы бойынша және Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін «қаржы және несие» мамандығы бойынша бітіргеннен кейін еңбек жолын 2007 жылы Шығыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінде бастады.

2015-2020 жылдар аралығында Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарып, 2020 жылдың қыркүйек айында Риддер қаласының әкімі лауазымына тағайындалған.

Риддер Әкім Дмитрий Горьковой Қаза

Новости по теме