Новости Казахстана31 января 2023, 18:21

Ресейлік арналарды заң бұзушылық айқындалған кезде сот шешімімен бұғаттауға болады – Дархан Қыдырәлі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі абельдік арналардағы Ресей арналарына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Еліміздегі кабельдік арналар желісінде ресейлік телеарналар саны өте көп екені белгілі. Оларды осы жүйеге қосу үшін қазақстандық тарап ақша сатып алып отырса, керісінше отандық телеарналарды кабеьлдік жүйеге қосу үшін ақша сұрайды. Министр осыған қатысты мәселеге жауап берді.  

Бірінші кезекте кабельдік арналар азаматтық шарт негізінде жүзеге асырылады және оның барлығы бизнестің мәселесі. Бізде бұған «Билайнның» жайы көтерілді. Сондықтан бұл таратушы мен сол каналдардың арасындажеке азаматтық құқықтық шарт негізінде жүзеге асады. Екінші мәселе қолданыстағы заң бойынша негізгі заң бұзушылық айқындалған кезде сол азаматтардың шағым беруімен соттың шешімімен бұғаттауға болады. Қазір бізге бұған қатысты құжатқа сот шешімі келген жоқ. Жаңа масс медиа туралы заң шетелдік каналдардың өкілдіктерін Астанада ұстау, ашу жөнінде арнайы бап енгізіп отырмыз. Бұл өкілдерті ашуға жәрдемін тигізеді, деді Дархан Қыдырәлі.

Министр республикалық арналар тізбесіне өңірлік арналардың қосылуы жайын да атады. 

Бізде республикалық арналар тізбеге енгізіледі. Оған жыл сайын арналар қосылып отырады. Былтыр «Алматы» телеарнасы қосылды. Бұл орайда олардың сапасы, контентіне, сонымен бірге көрерменіне байланысты мәселе де ескеріледі. Жалпы «Atamekenbusiness chanel» арнасы республикалық тегін арналарға қосылу бойынша бізге ұсыныс берген. Сондықтан оларды да қосуды қарастырып отырмыз. Бұ мәселе комиссиямен шешіледі. Республикалық телеарналардың қатарына қосылудың ешқандай саяси астары жоқ. Ал аймақтық телеарналар республикаға енуі үшін белгілі бір талаптары бар. Соған сәйкес болуы керек. Контенті мен көрермен жайы да ескеріледі. Сол кезде ол қосылады. Болашақта «Түркістан» арнасы осының қатарына қосылуы мүмкін. Өңірлердегі сапалы контент ұсынатын көрермені көп арналар өтінім берсе, қаралып, шешімін табады, - деді министр.

Оның сөзінше  Қазақстандағыбасқа кабельдік арналарда шетелдік телеарналар жеткілікті.  Олардың бірқатары Қазақстанда өкілдіктерін ашып, жұмыс істей бастаған.

Дархан Қыдырәлі Телеарна Ресей Ақпарат

Новости по теме