Placeholder
Новости Казахстана14 марта 2023, 16:05

Ресейде өткен жылы алғаш рет түрмеден қашу дерегі тіркелмеді

2022 жылы Ресейде алғаш рет түрмеден және уақытша ұстау изоляторынан қашу дерегі тіркелмеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Федералды жазаларды орындау қызметінің (FSIN) директоры Аркадий Гостев өткен жылғы жұмыс нәтижелерін қорытындылау бойынша жиында мәлімдеді.   

Қылмыстық-атқару жүйесінде алғаш рет сотталғандар мен қамауда отырған адамдардың кқашу оқиғасы тіркелмеді, - деді Гостев.

А.Гостев қылмыстық-атқару жүйесі (ҚАЖ) мекемелерінде жасалған қылмыстар саны 28 пайызға дейін төмендегенін алға тартты. Ол FSIN-дің негізгі міндеттерінің бірі - бұл мекемелерде қауіпсіздік пен тәртіптің жақсы деңгейін қамтамасыз ету екенін атаған. 

2022 жылдың тамыз айының соңында Пермь өлкесінде екі сотталушы ұстау абақтысынан қашып кеткен еді. Алайда полиция мен жазаны орындау қызметкерлері оларды бірден қолға түсірді. Пермь өлкесі бойынша ФСИН бас басқармасының баспасөз қызметі сотталғандардың жаза үстіне  тағы бір мерзім берілетінін хабарлады. Ресейде түрмеден қашу туралы бапқа сәйкес (ҚК 313-бабы) сегіз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы бекітілген. 

2019 жылы FSIN жалпы деректерді жариялап, 1994 жылы түрмеден 140 қашу оқиғасы болғанын, 2000 жылы ол көрсекіткіш 25 рет тіркелгенін, 2010 жылы — 11, 2015 жылы — сегіз, 2016 жылы — бес қашу дерегі болғанын хабарлады. 2017 жылы екі рет түрмеден қашу оқиғасы тіркелді. Ал 2018 жылы мұндай жағдай тек бір рет қана болған. 25 жыл ішінде Ресейдегі түрмелер мен колониялардан тұтқындардың қашу саны 140 есеге азайғаны айтылды. 

 

түрме Қашу Ресей Қылмыс

Новости по теме