Placeholder
Новости Казахстана6 декабря 2022, 17:52

Ресей елшісінің қазақтың қай тілде сөйлейтінінде не шаруасы бар?

Ресейдің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Алексей Бородавкин Қазақстан халқының қай тілде сөйлеуі керектігін айтып, "кеңес" берді. "Россия сегодня" агенттігіне берген сұхбатында дипломат Ресей мен Қазақстан арасындағы жағдай туралы пікір білдірген, деп хабарлайды  arbat.media.

Алексей Бородавкин өз жауабында Путин мен Тоқаевтың жеке байланысы айта келе, Қазақстандағы тілдің ахуалына ерекше тоқталды. Жергілікті халықтың қай тілде сөйлеуі керектігін алға тартқан оның пікірі қазақ қоғамының нарызылығын тудырды. 

"Әрбір қазақстандық екі аяқта нық тұруы тиіс. Оның бірі мемлекеттік тіл – қазақ тілі болса, екіншісі Қазақстан Конституциясында көрсетілгендей ресми тіл – орыс тілі. Бұл екі аяқ тең болған жағдайда ғана алға қадам баса алатынын ескеру керек. Қазақстан үшін Ресей – ең жақын одақтас, интеграциялық әріптес, ұлы держава, –  деді  Алексей Бородавкин.

Алайда оның пікіріне қарсы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса өзінің ескертуі барын алға тартты. 

"Өзге елге не істеуді үйретіп, өзеуреп, «екі тілді білген екі аяғымен нық тұрып, алға қадам баса алады» деп пәлсапа соғып отырған елшіге өз сөзінен ұстап алып, ескертуіміз бар біздің де! Сонда тек Ресей тілін ғана білетін біздің елдегі орыс этностары 31 жылдан бері қашанғы бір аяғымен тұрады? Қашан алға басады? Өзге тілде ғана - яғни бір аяғымен ғана ұзақ тұрған адам құлайтынын ұмытпау керек, елші Бородавкин мырза", - деді Қазыбек Иса. 

Алексей Бородавкин 2018 жылы "Россия 24" телеарнасына берген сұқбатында Қазақстан билігінің орыс тілінде сөйлейтіні туралы пікір білдірген еді. Ал депутат болса "Тәуелсіздік алғанына 31 жыл толып отырған Қазақстан әлі Ресейдің губерниясы секілді" дегенді алға тартып отыр. 

 

 

 

 

Ресей Елші Алексей Бородавкин Қазақстан

Новости по теме