Placeholder
Новости Казахстана28 августа 2023, 11:41

Қызға тиіспек болған, тез киініп қашып кетті — Алматы

Алматы қаласында көшенің қақ ортасында бойжеткенге тиіспек болған еркек ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

Алмалы ауданынының тұрғындары қызға тиіспек болған еркекті ұстады. Бұл оқиғаның видеосы желіге шықты.

«Алмалы ауданында тұрғындар қыздың жанұшырған дауысын естігені туралы ақпарат түсті. Оқиға орнына дереу жүгіріп келген адамдар ер адамның тез киініп, қашып кетуге тырысқанын көрді», - делінген еді видеодағы жазбада.

Алмалы ауданы полиция басқармасына қарасты полиция бөлімімен тіркеліп, тергеу басталды.

«Күдікті жауапқа тартылды. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталып жатыр», - деп хабарлады Алматы ПД баспасөз қызметі.

 

Алматы Оқыс оқиға полиция маньяк

Новости по теме