Placeholder
Новости Казахстана27 декабря 2022, 20:21

Қыздар педагогикалық университетінің бұрынғы ректоры сотталды

Қазақ Ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ректоры болған Гаухар Алдамбергенова 7 жылға сотталды, деп хабарлайды arbat.media.

Алматы облысы Қарасай аудандық сотының үкімімен бұрынғы ректор – «Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университеті» АҚ Басқарма төрағасы Гаухар Алдамбергенова, ректордың кеңесшісі Қ. Қожантаев (ректордың туған ағасы) және "Азаматтарға арналған үкімет " Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ филиалының Қарасай аудандық Жер кадастры және жылжымайтын мүлік бөлімінің басшысы А. Журунов кінәлі деп танылған. Күдікке ілінгендердің барлығы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сол үкіммен Қарасай бөлімі басшысының орынбасары Д. Жұмаділ мен бөлім маманы Е. Кемал шартты түрде 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Барлық сотталғандарға мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жаза қолданылды, - деп жазылған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында.

Аталған жағдайға байланысты тергеу барысында сотталғандардың бөгде тұлғаларға заңсыз ресімделгені, университеттің 9 гектар жер телімін бөліп және адал сатып алушыларға сатқаны толығымен дәлелденіп отыр. Осының салдарынан жоғары оқу орнына 95,5 миллион теңге шығып келген. Алайда сот үкімі әлі заңды түрде күшіне енген жоқ. 

Нәтижесінде университетке 95,5 миллион теңге шығын келтірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Ректор Сотталу ЖенПУ Қоғам

Новости по теме