Новости Казахстана15 сентября 2023, 19:10

Құрылысшы топырақтың астында қалып көз жұмды

Петропавлда құрылысшы топырақтың астында қалып ажал құшты, - деп хабарлайды Arbat.media.

Кеше кешке құрылыста жұмыс істеп жүрген ер адамды абайсызда топырақ басып қалып, ол жедел жәрдем жеткенше көз жұмды. 

СҚО ПД былай деп түсініктеме берді:

14 қыркүйекте Петропавл қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне Партизан-Егемен Қазақстан көшесіндегі траншеяда жұмыс жүргізу кезінде 35 жастағы ер адамды топырақ басып қалғандығы туралы хабарлама түсті. Ол алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру «Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу» қылмыстық бабы бойынша жүргізіледі. Қазіргі уақытта болған оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр..

 

 

Петропавлоск құрылысшы мерт болды

Новости по теме