Новости Казахстана29 августа 2023, 12:34

ҚР Конституциясын жатқа білетін студент

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Конституцияны жатқа білемін!» конкурсы өткізіліп, азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов тегін оқуға сертификат жеңіп алды, - Arbat.media.

Байқауға қатысуға 250 студент өтініш білдіріп, ҚР Конституциясы ережелерін білу деңгейін анықтау үшін 25 сауалға жауап берген.

Екінші кезеңге сүрінбей өткендер Ата заң баптарын жатқа айтудан жарысқан.

Байқауға Атырау сотының судьясы, прокурор, жеке сот орындаушы, университеттің азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының оқытушылары төрелікпен жеңімпаздарды анықтаған.

Бас жүлде бұйырған азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Жәңгір Темірханов бір жыл тегін оқуға сертификат алса, екінші орынды (50 пайыз жеңілдік) қылмыстық-құқықтық пәндер кафедрасының студенті Медина Әбдеш, үшінші орынды (30 пайыз жеңілдік) болашақ экология маманы Ботагөз Ынтымақова алды.

 

Атырау университеті Жәңгір Темірханов Конституция күні студенттер байқауы

Новости по теме