Placeholder
Новости Казахстана31 марта 2023, 18:10

Қостанайдағы президент резиденциясы оңалту орталығына айналмақ

Қостанайдағы Президент резиденциясы психоневрологиялық дерті бар және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған Оңалту орталығына айналатын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, резиденцияны пайдалануға беру президент тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып отыр. 

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, аймақтық резиденцияның алдағы уақыттағы қызметін айқындау мақсатында Қостанай облысы әкімдігі жанынан арнайы жұмыс тобы құрылып, қоғам өкілдері мен мүдделі мемлекеттік органдардың бірқатар ұсыныс, тілектері тыңдалды. Жұмыс тобының шешімімен аймақтық резиденцияны психоневрологиялық ауытқуға ұшыраған және тірек-қимыл қозғалысына зақым келген балаларға арналған Реабилитациялық орталыққа бейімдеу туралы шешім қабылданды. Резиденцияны реабилитациялық орталыққа айналдыру мақсатында жергілікті бюджеттен қаржы қарастырылады», - деді әкімдіктің баспасөз қызметіндегілер. 

Биыл ғимаратты қайта жабдықтау бойынша жобалау-сметалық құжаттары әзірленбек. 

Резиденция аумағында барлығы 6 тұрғын үй және санитарлық корпус орналасқан, олар мүгедектігі бар адамдардың ыңғайына сай жаңартылатын болады. Сондай-ақ, іргелес аумақты абаттандыру жоспарлануда. Ең үлкен ғимаратта арнаулы әлеуметтік қызметтер, оның ішінде әлеуметтік-педагогикалық, әлеуметтік-мәдени, әлеуметтік-медициналық, әлеуметтік-еңбек қызметтерін көрсету үшін кабинеттер орналастыру жоспарланған», - деді Қостанай облысы әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Ал қалған тұрғын үй ғимараттары оңалту орталығының мамандарын орналастыру үшін пайдаланылады деп жоспарланған. 

Қостанай облысы резиденция Президент Оңалту орталығы

Новости по теме