Новости Казахстана5 июля 2023, 17:35

Қостанайда құбыр астынан тағы бір адамның сүйегі табылды

Қостанайда қаласында тағы бір адамның қаңқасы табылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Адам сүйектері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысында Қостанайдағы құбырларды ауыстыру орнында табылғаны белгілі болды. Кеше бұл жерден белгісіз екі адамның сүйегі табылғаны туралы ақпарат тарады. 

Оқиға орнында полиция қызметкерлері қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуді жалғастырып жатыр. 

Қазір аталған дерекке қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды. Олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданбақ. 

 

Қостанай Адам сүйегі полиция

Новости по теме