Новости Казахстана13 апреля 2023, 13:04

Қостанай облысында жүргізуші куәлігін заңсыз бергендер ұсталды

12 сәуір күні Қостанай облысының полиция қызметкерлері жүргізуші куәлігін алушыларды тесттен “өткізумен” айналысқан қылмыстық топты әшкерледі, деп хабарлайды Arbat.media.

Емтихан алушылар жүргізуші куәліктері мен санаттарын алуға тест тапсыруға сыйақыға қабылдады. Жүргізуші куәлігін алатын адамдар іс жүзінде тестілеуден өтпеген және емтихан тапсырмаған.

12 сәуір күні Қостанайда осы қылмыстық әрекетке қатысты күдікті бес адам ұсталды. Емтихан алушылар ақылы түрде жүргізуші куәлігін беріп отырған, ал тест тапсырушы 40 минутт ішінде емес, 5 минутта тест тапсыра алған. Көбісі мемлекеттік тілді білмесе де, тестті сол тілде тапсырды. Қазіргі уақытта қажетті алғашқы тергеу әрекеттері, соның ішінде дәлелдемелерді бекітуге бағытталған санкцияланған іздеулер жүргізіліп жатыр. Банк карталары, 1 млн теңгеден астам қолма-қол ақша, компьютерлік техника, флеш карталар, телефондар мен құжаттар тәркіленді. Сондай-ақ тінту барысында күдіктілердің бірінен 12 калибрлі патрондар мен тіркелмеген тегіс ұңғылы мылтық тәркіленді, – деді Қостанай облысы ПД бастығы Ерлан Омарбеков.

жүргізуші куәлігі Қостанай облысы емтихан заңсыз

Новости по теме