Placeholder
Новости Казахстана14 апреля 2023, 16:02

Қосшыда заңсыз берілген жер телімдеріне мектеп салынады

Қосшы қалалық прокуратурасы жер заңнамасының қолданылуын талдау барысында өрескел заң бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды Arbat.media.

Қосшы ауылдық округ болға шақта әкімінің өкімімен 2016 жылы ЖШС-ке ауданы 3,2  гектар жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын берген. Осы өкімнің негізінде ЖШС мен Целиноград ауданының жер қатынастары бөлімі арасында жер учаскесіне уақытша өтеулі жер пайдалану туралы шарт жасалып, жалдау мерзімі бірнеше рет ұзартылған. Алайда 2016 жылдан бастап кәсіпорын жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдалануға бағытталған бірыңғай іс-қимыл жасаған жоқ. Ал құжаттарға сәйкес, ЖШС тұрғын үй кешенін салуды көздеген көрінеді.

Кадастрлық құны 65 млн теңге болатын бұл жер учаскесі Қосшы қаласының орталығында орналасқан және жоғары инвестициялық тартымдылыққа ие. Мұндай тұжырымды 2021 жылы ЖШС басқа заңды тұлғаға жалдау құқығын 120 млн. теңгеге сатқанынан ғана жасауға болады. Қадағалау органы жер учаскесі ҚР Жер кодексінің 48-бабының нормаларын бұза отырып, атап айтқанда, сауда-саттық өткізілмей берілгенін анықтады, - деді Бас прокуратураның баспасөз қызметі. 

Кейін прокуратураның ұсынысы бойынша Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару Департаменті жалдау шарттарын жарамсыз деп тану туралы талап-арыз енгізген. 

Енді Қосшы қаласы әкімдігі осы жер учаскесіне «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру шеңберінде  білім ошағын салуды жоспарлап отыр.  

Қазіргі уақытат Қосшыда халық санының өсуіне байланысты жылдан жылға мектептердің апатты тапшылығы байқалып отыр. Енді қайтаралыған жер телімдері осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Астана Қосшы Жер Мектеп

Новости по теме