Новости Казахстана13 июля 2023, 16:22

Қорғаныс министрлігі "Әскери құрылыс" АҚ басшылығының әрекетіне пікір білдірді

Қорғаныс министрлігі "Әскери құрылыс" АҚ басшылығымен ұйымдастырылған қылмыстық топқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Arbat.media 

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүргізген сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қорғаныс министрлігінің лауазымды адамдарының ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысы жоқ екені анықталғанын мәлімдейміз. Қазір қылмыстық жауапкершілікке тартылған лауазымды тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттерінің салдарынан "Әскери құрылыс" АҚ-ның қаржылық жағдайы айтарлықтай төмендеді, осыған байланысты кредиторлық берешегі болды, - деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.

Осы орайда сыбайлас жемқорлық деректерін болдырмас үшін Қорғаныс министрлігі бірқатар қатаң шаралар қабылдағанын атады. 

"Әскери құрылыс" АҚ басшылығы толық ауыстырылды, жалпы ведомстволық бағынысты ұйымның қызметіне бақылау күшейтілді. Бұл заңсыз әрекеттерді 2019-2020 жылдар аралығында акционерлік қоғамның  лауазымды тұлғалары жасағанын айта кету керек, - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер.

 

Қорғаныс министрлгі «Әскери құрылыс» АҚ

Новости по теме