Placeholder
Новости Казахстана26 июня 2023, 22:15

Қорғалжын қорығынан киік атқан қарағандылық тұрғын ұсталды

Ақмола облысының аумағында ерекше қорғауға алынға киікті атқан браконьер ұсталды, деп хабарлайды Arbat.media.

«Сапсан» жедел тобы мен «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары кезекті рейд барысында Қорғалжын қорығының аумағына іргелес Қызылкөл көлінің жанынан «Нива» маркалы автокөлігін ұстаған. 

Көлікті тінту барысында салоннан киік ұшасының бөліктері табылды. Оқиға орнына бірден Қорғалжын ауданының полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы шақырылған. Автокөлік жүргізушісінің Қарағанды облысы Нұра ауданының тұрғыны екені анықталды.

Қазір аталған дерек СДТТБТ-де тіркеліп, тиісті іс-шаралар жүргізіліп жатыр. 

Қорғалжын Киік Қызыл кітап

Новости по теме