Новости Казахстана10 апреля 2023, 17:59

Қонаев қаласындағы демалыс базасында болған оқиға бойыншы қылмыстық іс тіркелді

Қонаев қаласындағы демалыс базасында болған төбелес бойынша "Бұзақылық” көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамы белгілері бойынша қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Arbat.media ҚР Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.

8 сәуірде сағат 19:03-те Қонаев қалалық полиция басқармасына қалалық ауруханадан түрлі дене жарақаттары бар үш ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түсті.

Тергеу барысында зардап шеккендер Қапшағай су қоймасының жағасына ұжымдық демалысқа келіп, жеке аумаққа заңсыз кіргені анықталды. 1986 жылғы Г. есімді аймақтың меншік иесі мен жұмысшылары ер адамдармен ауызша жанжалдасып, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға орнына полиция жасағы жіберілғп, оқиғаға қатысушылар полиция басқармасына жеткізілді. Тергеу жалғасуда.

Қонаев демалыс базасы Тергеу Бұзақылық

Новости по теме