Placeholder
Новости Казахстана30 июня 2023, 16:15

Қажылыққа барған 230 адам қайтыс болды

Биыл қажылық үшін Меккеге 160 елден 2,5 миллионға жуық мұсылман барды, деп хабарлайды Arbat.media.

COVID-19 пандемиясынан кейін алғаш рет қажылық коронавирустық шектеулерсіз өтіп жатыр. Тиісінше келушілер саны да күрт арта түскен.

Айта кететін бір жайт, Сауд Арабиясында аптап ыстық күшейіп кеткен. Ауа температурасы 48 градусқа дейін көтеріліп,  соның салдарынан қажылыққа барған 4000-нан астам адам зардап шекті. 

Бұдан бөлек, 1700-ге жуық адамның басынан күн өтіп, 230 адам қайтыс болды. Дегенмен жергілікті шенеуніктер бұған қатысты әлі ресми ақпарат бермей отыр. 

Ал Сауд Арабиясының Денсаулық сақтау министрлігі қажыларды күнге көп шықпауға және көбірек сұйықтық ішуге шақырған. 

Қажылық Сауд Арабиясы өлім

Новости по теме