Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 20:25

Еліміздің жаңа картасы дайындалды

Еліміздің жаңа картасымен Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Әсет Тұрысов таныстырды, деп хабарлайды Arbat.media.

Мемлекет басшысының бастамасымен өткен жылы елімізде үш жаңа Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылды. Осыған байланысты Үкіметтің бастамасымен еліміздің жаңа картасын жасау шарасы қолға алынды. Нәтижесінде еліміздің 6 облысының тематикалық жаңа картасы жасалды. Онда үш жаңа облыс енгізіліп, Алматы, Қарағанды мен Шығыс Қазақстан облыстарының шекаралары өзгертілді, - деді Әсет Тұрысов.

Оның айтуынша, Қазақстанның саяси-әкімшілік картасы 1:1,5 млн масштабымен жасалды, Қарағанды, Алматы және ШҚО карталары жаңартылды, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарының 1:1 млн масштабтағы карталары әзірленді. 

 ЦИАӨМ Геодезия және картография комитетінің төраға орынбасары Мирас Әшімов жаңа карталарды дайындау барысы бірнеше кезеңнен тұрғанын атап өтті.

Алғашқы кезеңде картаның сипаты, оны пайдалану мақсаты айқындалады. Карталарға талдау жасалып, кезекшілік карталардан тиісті мәліметтер алынып, жинақтау жұмыстары жүргізіледі. Келесі кезең – редакциялық дайындық жұмыстары. Бұл кезеңде картаның орналасу макеті дайындалады. Сондай-ақ еліміздің мемлекеттік каталогы географиялық атауларының сәйкестігіне байланысты салыстырмалы жұмыстар жүргізіледі. Сонымен қатар әкімшілік аумақтың бірліктерінің шекаралары картаға белгіленіп, оны жергілікті атқарушы органдарға келісуге жіберіледі. Дайын карта редакциялық бақылаудан өтіп, сараптамаға жіберіледі. Сараптамадан өткен карталар баспада дайындалады, - деді ол.

Карталар мүдделі мемлекеттік органдарға таратылды. Сонымен қатар, ақылы негізде қолжетімді.

 

Карта Қазақстан

Новости по теме