Placeholder
Новости Казахстана18 мая 2023, 13:44

Қазақстандық велосипедші 24 жасында қайтыс болды

Қазақстандық велосипедші Дінмұхамед Ұлысбаев 24 жасында өмірден өтті, деп хабарлайды Arbat.media

ҚР велоспорт ведерациясының мәліметі бойынша, ол өзінің спорттық мансабында Дінмұхамед тасжолдағы велоспорт бойынша Азия чемпионатын жеңіп, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы атанған. Бұдан бөлек, бірнеше рет ұлттық чемпионатта жүлдегер болды.

Қазақстанның велосипед спорты федерациясы Дінмұхамед Ұлысбаевтың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады. Оның өмірден өтуі – бүкіл велосипедшілер қауымдастығы үшін ауыр қаза, - деп жазылған федерация таратқан ақпаратта.

Велоспорт Дінмұхамед Ұлысбаев өлім

Новости по теме