Placeholder
Новости Казахстана28 апреля 2023, 15:43

Қазақстандық теннисші Римдегі турнирдің жартылай финалына шықты

Қазақстандық теннисші Андрей Голубев Рим челленджер турнирінде жұптық сын бойынша жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Arbat.media.

Отандасымыз украиналық Денис Молчановпен бірге екі кездесуді табысты өткізді.  А.Голубев пен Д.Молчанов жұбыны бірінші кездесуде италиялық Алессио Балестриери – Джанмарко Гандолфиді жолдан  6:0, 6:1 есебімен жарыс жолынан шығарды. 

Кейін ширек финалдағы тартысты бәсекеде эквадорлық Диего Идальго – финляндиялық Патрик Никлас-Салминенді қапы қалдырды. Кездесу есебі 6:3, 2:6, 10:4. Бұл матчта қазақстандық-украиналық жұп 3 эйс, 1 брейкпен табанды ойын өрнегін көрсете алды. 

А.Голубев пен Д.Молчанов финалға шығу үшін аталған турнирдің 1-ракеткаары франциялық Садио Думбия – Фабьен Ребульмен шеберлік байқасатын болады. 

 
 

Андрей Голубев Теннис Рим

Новости по теме