Новости Казахстана29 августа 2023, 13:12

Қазақстандағы жемқорлық жайлы фильмді Netflix пен Amazon көрсетуі мүмкін

Қазақстандық шығармашылық топ Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығы құқық қорғау органдарындағы сыбайлас жемқорлық туралы экшн-фильмді жарыққа шығарып, Netflix, Amazon, HBO және Peacock сынды әлемдегі негізгі стримингтік платформалармен келіссөз жүргізіп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Фильмнің өндірісімен айналысып жатқан продюсер Максим Акбаровтың  айтуынша, «Жаза» кинокартинасы кинотеатрларда ғана емес, әлеуметтік желі арқылы да нарықты қамтиды, - дейді ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

«Бұған дейін фильм жарнамасына қатысты жұмысты тек өзіміз атқаратынбыз. Қазір киноны дамыту орталығы тарпынан қолдау бар, бұл – біз үшін үлкен көмек. Сейлз агент (sales agent) ретінде «Ниет» деп аталатын қазақстандық компанияны жұмылдырдық. Ондағы мамандар америкалық QED International кинодистрибьюторымен серіктестік орнатып, Бред Питт ойнаған «Қаһар» және атақты «№9 аудан» фильмдерінің сатылымымен айналысқан болатын. Енді QED International біздің фильмге қызығушылық танытып отыр. Қазір барлық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, Netflix, Amazon, HBO және Peacock сынды әлемдегі негізгі стримингтік платформалармен келіссөз жүргізіп жатырмыз. Біздің фильм жарыққа шыққан соң екі тараптың қауқарын көрсете алатындай нарықты дүр сілкіндіруі керек», – дейді Максим Акбаров.

Фильм биыл күзде жарыққа шығады. Фильмнің режиссері – Дархан Төлегенов,

«Кинокартина табысқа жетіп, қаржы әкелуі керек. Өкінішке қарай, шығармашылық топтардың кейбірі түсірілім жұмыстары аяқталғаннан кейін киноны қалай жарнамалап, жарыққа шығару қажет екенін немесе стримингтік платформаларға қалай ұсынуға болатынын білмейді. Сондықтан питчингтен кейін біз прокатқа шығару тетіктері мен халықаралық нарыққа қалай шығуға болатынын түсіндіру үшін кинематографистерге арналған тренингтер ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Нарықта кинопродюсерлердің тапшылығы сезіледі», – деп атап өтті Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының басшысы Құрманбек Жұмағали.

қазақстандық фильм Netflix Amazon HBO

Новости по теме