Новости Казахстана23 мая 2023, 22:55

Қазақстандағы киік саны 2 миллионға жуықтады

Биыл Қазақстандағы киік саны 45 пайызға өсіп, 1,9 миллионнан асты, деп хабарлайды Arbat.media.

2023 жылы әуе санағы деректеріне сәйкес, киіктердің үш популяция саны биыл 597 мың басқа артқан. Яғни 45,3 пайызға ұлғайып, олардың ішіндегі ең көп Орал популяциясында тіркелген. Ресми дерек бойынша Орал популяциясындағы киік саны 1,13 миллион болса, Бетпақдалада 745 300, Үстіртте 39 700 құрады.

Биыл киіктердің санын анықтау мақсатында елімізде 15 сәуір мен 5 мамыр аралығында әуе санағы жүргізілген. Аталмыш жануарларды санауға «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК, Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық инспекция қызметкерлері, сонымен қатар Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау қауымдастығының ғылыми мамандары жұмылдырылды. 

Киік Қорғау Санақ

Новости по теме