Placeholder
Новости Казахстана18 апреля 2023, 19:07

Қазақстанда үш ай ішінде 11 әскери қызметші қайтыс болды

Қаңтар айынан бері Қазқстан аумағында 11 әскери қызметші қайтыс болды, деп хабарлайды Arbat.media

Қазақстан Қарулы Күштері Бас әскери медициналық басқармасы бастығының орынбасары Берік Ілиясов әскерилердің өліміне қатысты пікір білдірді. 

2023 жыл басталғалы бері елімізде 11 әскери қызметші қайтыс болды. Соның ішінде жетеуі алған жарақатынан, ал төрт адам науқасына байланысты дүниеден өтті. Осының арасында мерзімді әскери қызметте болған сарбаздардың екеуі көз жұмды. Оның бірі қаңтар айында парашютпен секіру кезінде, екіншісі - онкологиялық ауру салдарынан қайтыс болды, - деді Берік Ілиясов Сенатта кулуарында. 

Жалпы, соңғы үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметші бақилық болған. Оның ішінде сырқаты бойынша қайтыс болғандардың үлесі 36 пайыз болса, көлік апатынан өлім құшқанда 24 пайызды құрады. Ал өзіне қол салып, өмірден озғандардың саны 20 пайызға жеткен. 

 

Қазақстан Әскери адам өлім суицид

Новости по теме