Новости Казахстана13 апреля 2023, 18:42

Қазақстанда Каспий проблемасын зерттейтін институт құрылмақ

Елімізде Каспий теңізінің тартылуына байланысты оның мәселесін зерттейтін институт құрылатын болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбдіуәлиев теңіздің тартылуына қатысты пікір білдірді. Ол Каспийдің деңгейі жылдар тізбегінде құбылып отыратынын атады. 

Кейінгі 120 жылда оның деңгейі Балтық жүйесімен алғанда -25 метрден -29 метрге дейін құбылған. Қазіргі деңгейі -28,6 метр. Бір жылдары бұдан төмен кездері болған. 1978 жылдан бері көл деңгейі көтерілді де, 2006 жылдан бастап қайта түсті. Яғни, кезең-кезеңмен құбылып тұр. Бұл проблема жоқ деген сөз емес. Климаттан бөлек, Еділден келетін судың азаюы бар», - деді Айдар Әбдіуәлиев.

Министрлік өкілі Каспий суының 95 пайыздайы Еділ өзенінен Ресей арқылы келетінін алға тартты.

Жайықтың суы да азайды. Сонда Каспийдің тартылуына негіз болатын факторлар баршылық. Бірақ мұның маусымдық сипаты болуы да мүмкін. Сол үшін Каспий көлінің проблемаларын зерттейтін институт құрылады. Сол институт проблеманы шешудің жолдарын көл жағасындағы елдермен бірлесіп пысықтайды, - деді Айдар Әбдіуәлиев.

Бұған дейін экологтар Каспий теңізінің тартылуын айтып, дабыл қаққан болатын. Кейін экологтар су деңгейінің төмендеуін табиғи құбылыс десе, қоғам белсенділері теңізге құятын өзен суларының басқа мақсатта басқа арналарға кетіп жатқанын айтқан еді

 

Каспий теңізі Институт Зерттеу Теңіз

Новости по теме