Новости Казахстана14 апреля 2023, 14:15

Қазақстанда экологиялық тұрғыдан ең көп ластанған сегіз қала анықталды

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиевтың айтуынша елімізде экологиялық тұрғыдан ең көп ластанған 8 қала бар. Олардың ішіне Астана, Алматы және Ақтөбе кірді, деп хабарлайды Arbat.media.

Белгілі болғандай, Алматы мен Астанада ластанудың негізгі пайызы жылу көздеріне жылу электр орталықтары, қазандықтар, автокөлікке және жеке секторға тиесілі.

8 қаланың ішіне: Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Теміртау, Балқаш және Өскемен қалалары кіреді. Осы бойынша жол картасы әзірленген. Сол картада көзделген шаралар толықтай орындалса, шығарындыларды 20-30 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік бар, - деп атап өтті комитет басшысының міндетін атқарушы.

Өскемен және Теміртау қалаларында ауаның ластануы өнеркәсіп орындарына байланысты, ал Ақтөбе және Атырауда ескірген кәріз-тазарту құрылыстары жоғары ластанудың себебіне айналып отыр.

лас қала Астана Алматы Ақтөбе

Новости по теме