Placeholder
ІІМ
Новости Казахстана31 мая 2023, 20:51

Қазақстанда бес ай ішінде жетпіске тарта адам саудасына қатысты қылмыс анықталды

Жыл басынан бері елімізде адам саудасына қатысты 65 қылмыстық оқиға тіркелген, деп хабарлайды Arbat.media.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ержан Саденов Мәжілістің заңнама және сот-құқықтық реформа комитетіне Қазақстан заңнамасына адам саудасымен күрес бағытында ұсынылатын өзгерістер мен түзетулерді таныстыру кезінде атады. 

Жыл басынан бері осы бағытта 65 қылмыс тіркелді. Оның ішінде қанау мақсатымен бас бостандығынан заңсыз айырудың бір фактісі, жезөкшелікпен айналысуға тартудың 11 фактісі (оның ішінде кәмелетке толмағандар - 3 факті), адам саудасының 16 фактісі (оның ішінде кәмелетке толмағандарды сатудың 12 фактісі), «жеңгетайлық» және жезөкше ұстау орындарын ұйымдастырудың 37 дерегі бар, - деді ол.

Сонымен бірге, Ержан Саденов жыл сайын адам саудасымен айналысатын 5 қылмыстық топ әшкере болып келе жатқанын жеткізді. 

6 адамнан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топ әшкере болды. Олар бір жыл бойы жезөкше ұстау орындарын ұйымдастырып, «жеңгетайлықпен» айналысқан. Жалпы жыл сайын адам саудасы саласында 100-ден астам қылмыс тіркеліп, 5 ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесіледі, - деді вице-министр.

Адам саудасы ІІМ Қылмыс

Новости по теме