Новости Казахстана31 мая 2023, 21:09

Қазақстанда араққа тәуелді адамдардың саны жүз мыңға жеткен - ДСМ

Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник Қазақстанда 91 мың адам алкогольге тәуелді екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Ол арнайы бақылауға алынған адамдардың саны 100 мыңнан асқанын атап, ішімдікке салынғандардың саны көп екенін жеткізді. 

Психоактивті заттарды қолдану салдарынан психикалық мінез-құлық бұзылыстары» диагнозымен динамикалық бақылауда 109 мың адам, оның ішінде есірткі мен психотроптық заттарға тәуелді 18 мың адам және алкогольге тәуелді 91 мың адам бар, - деді В.Дудник.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегі бойынша синтетикалық есірткіге тәуелділік артып келе жатыр. Сондай-ақ, оны қолданатындардың басым бөлігі 24-тен 30 жасқа дейінгілерді құрайды. 

Психикалық ауытқушылығы бар адамдарға медициналық-әлеуметтік көмек көрсету үшін 20 психикалық денсаулық орталығы жұмыс істейді. І тоқсанда 16 мың пациент стационарлық емдеуден өтті, оның ішінде 7 мың пациент психоактивті заттарды қолданған, - деді вице-министр Вячеслав Дудник.

Денсаулық сақтау министрлігі Ішімдік Маскүнем

Новости по теме