Placeholder
Новости Казахстана9 сентября 2023, 9:00

Қазақстанда 10 жылда тіркелген неке саны 36 мыңға азайған

Қазақстанда 10 жылда тіркелген неке саны 36 мыңға азайған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Ұлттық стаститика бюросының 10 қыркүйек - Отбасы күніне орай жариялаған мәліметтерінде айтылған.

2012 жылмен салыстырғанда 2022 жылы тіркелген некелер саны 164 мыңнан 128 мыңға дейін азайды, яғни, некелесу коэффициенті де төмендеді. Егер 2012 жылы 1000 адамға 9,81 жұптан келсе, 2022 жылы — 6,54 жұп болды.

Тұрғындар арасындағы некелесудің ең жоғары коэффициенті Астанада тіркелді, 1000 адамға 8 жұп. Ең төменгі коэффициент Ақмола мен Абай облыстарында - 6,1.

отбасы күні Қазақстан үйлену Статистика

Новости по теме