Placeholder
Новости Казахстана26 апреля 2023, 22:32

Қазақстан Иранға $60 миллионнан астам қаржыға экспорт жасайды

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Иран Ислам Республикасына ресми сапары барысында $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттарға қол қойды, деп хабарлайды Arbat.media.

Сауда-экономикалық миссия аясында Қазақстаннан Иранға тыңайтқыштар, май өнімдерін, ірі қара және ұсақ мал етін жеткізу бойынша $60 млн-нан астам сомаға экспорттық келісімшарттар жасады.

2022 жылы Қазақстан мен Иран арасындағы тауар айналымы $528 миллионды құрады. Бұл – өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 19,8%-ға жоғары болып отыр. Бұл ретте қазақстандық компаниялар орта мерзімді перспективада Иранға жеткізілімдерді одан әрі арттыруға дайын.

Ирандық компаниялар қазақстандық фосфатты тыңайтқыштар, ферроқорытпалар және азық-түлік өнімдерін өндірушілерге жоғары қызығушылық танытты. Өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамыту туралы келісімдерге қол жеткізілді.

Иран Қазақстан Экспорт

Новости по теме