Placeholder
Фото: Facebook/Ерболат Алтайұлы
Новости Казахстана19 июня 2023, 18:47

Қазақстан азаматы Грузияда адам қолынан қаза тапты

Қазақстандық Жанбота Төлеген Грузияда кісі қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Arbat.media.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ел азаматының жат елде жүріп адам қолынан қаза тапқанын растады.

Қазақстан азаматының Грузияда кісі қолынан қаза тапқаны рас. Осы жылдың 24 мамырында Қазақстанның Тбилиси қаласындағы Елшілігіне Телави қаласының құқық қорғау органдарынан Қазақстан азаматының кісі қолынан қаза тапқаны туралы ақпарат түсті. Күдікті адам ұсталды, тергеу жүріп жатыр. Тергеу мүддесіне орай өлтіру мән-жайы мен күдікті жайлы мәліметтер жарияланбайды, - деді Айбек Смадияров.

Оның сөзінше, Қазақстан азаматы Грузияға жеке сапармен барған көрінеді. Сондай-ақ, қайғылы оқиғаның марқұмның кәсіби қызметіне қатысы жоқ.

Қайтыс болған азаматтың денесі Отанына жеткізіліп, 2 маусымда жер қойнына берілді. Грузиядағы Қазақстан консулы жергілікті құқық қорғау органдарымен үнемі байланыста және бұл мәселені бақылауында ұстап отыр, - деді СІМ өкілі. 

Сондай-ақ, адам өліміне себепкер болған күдікті оқиғадан кейін бірден ұсталған. 

Жанбота Төлеген Грузия өлім

Новости по теме