Placeholder
Новости Казахстана28 сентября 2023, 18:40

Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген

Қазақстан азаматтарының атына 61 ұшақ пен 58 яхта тіркелген, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы ҚазАқпарат жариялап отыр. 

«Азаматтарға әуе кемелерін, яхталарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру мәселесі Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің құзыретіне жатады. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің ақпараттарына сәкес, 2022 жылы Қазақстан Республикасының азаматтарына 61 азаматтық әуе кемесі және 58 яхта тіркелген», - деп атап өтеді Мемлекеттік кірістер комитеті.

Комитет мәліметінше, елімізді Салық кодексінде қымбат жылжымайтын мүлік ұғымы қарастырылмаған.

Қымбат жылжымайтын мүліктерді айқындау өлшемшарттары жоқ. Осыған орай, Қазақстан Республикасының азаматтарының атында қанша қымбат жылжымайтын мүлік бар екендігі туралы ақпарат мемлекеттік кірістер органдарында жоқ.

яхта Тікұшақ Байлық Қазақстандықтар

Новости по теме