Placeholder
Новости Казахстана23 февраля 2023, 16:04

Қазақ-қырғыз шекарасында пәкістандық 9 азамат ұсталды

ҰҚК шекара қызметі Қазақстан шекарасын кесіп өтпек болған пәкістандық азаматтардың ұсталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.

Шетел азаматтарының ұсталуы туралы туралы оқиға  15 ақпанда тікрелген. 

ҰҚК Шекара қызметі Жамбыл облысы бойынша департаментінің әскери қызметшілері ҰҚКД және Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірлесіп, қазақстан-қырғызстан мемлекеттік шекарасы арқылы Қазақстан Республикасына заңсыз өтпекші болған Пәкістан Ислам Республикасының 9 азаматын ұстады. Ұсталғандарға қатысты құзырлы орган сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп жазды ҰҚК баспасөз қызметі. 

 

ҰҚК шекара Пәкістан Жамбыл облысы

Новости по теме