Новости Казахстана13 сентября 2023, 14:00

Қаржы министрі бюджетті игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады, - деп хабарлайды Arbat.media.

 Сегіз айда мемлекеттік бюджеттің шығыстары - 98,6, республикалық бюджеттің шығыстары – 99,3, жергілікті бюджеттердің шығыстары 98,3 пайызға орындалды. Республикалық бюджет бойынша сомасы 14,5 трлн теңгеге шығыстар жүргізілді.

Атқарылмау 107 млрд теңгені, оның ішінде үнемдеу 21 млрд теңгені құрады. Игерілмегені – 86 млрд теңге. Игерілмеудің неғұрлым ірі сома Төтенше жағдайлар, Экология және табиғи ресурстар, Туризм және спорт, сондай-ақ Ішкі істер министрліктерінде қалыптасты. Игерілмеудің негізгі себептері: конкурстық рәсімдерді ұзақ мерзімде өткізу; шарттарды, қосымша келісімдерді жасасу рәсімдерін дер кезінде өткізбеу; шот-фактуралармен атқарылған жұмыс актілерін уақтылы ұсынбау және басқалары.

Жергілікті бюджеттердің шығысы 7,7 трлн теңге. Атқарылмағаны - 131 млрд.

Өңірлерге 2 трлн теңгеге жуық нысаналы трансферттер көзделген. Оларға 1 қыркүйекке 990 млрд теңге бөлінген. Оның 96,8 пайызы игерілген. Атқарылмағаны – 32 млрд теңге, оның ішінде 1 млрд теңге – үнемдеу, 31 млрд теңге игерілмеген. Ең көп игерілмеу Астана қаласы, Атырау, Алматы және Батыс Қазақстан облыстарында қалыптасты.

Ерұлан Жамаубаев қаржы министрі бюджетті игермеу әкімдіктер

Новости по теме