Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 17:51

Қарағанды тұрғынының 4 жастағы қызын Ресей азаматы ұрлап әкетті

Қарағанды қаласында 25 жастағы әйелдің бұрын бірге тұрған Ресей Федерациясының 34 жастағы азаматы 4 жасар қызын көлікпен ұрлап кетті, деп хабарлайды Arbat.media.

Аталған дерек Орталық ПБ-де ҚР ҚК 125-бабының 2-тармағы яғни "Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған адам ұрлау" сәйкес тіркеліп, іздеу шаралары басталған. 

13 маусымда кешенді жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қарағанды облысының ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының және Орталық ПБ криминалдық полициясының қызметкерлері Астана қаласында күдіктіні ұстады.

Қазір ұрланған қыз анасына беріліп, іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Қарағанды облысы Адам ұрлығы Қылмыс

Новости по теме