Placeholder
Скриншот видео
Новости Казахстана1 июля 2023, 21:32

Қарағанды облысындағы вахталық қалашықта спорт кешенінің қабырғасы құлады

Қарағанды облысының Нұра ауданында орналасқан «Шұбаркөл көмір» АҚ жұмысшылар кентінде спорт кешенінің қабырғасы құлады, деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиғадан ешкім зардап шекпеген. "Шұбаркөл көмір" АҚ вахталық кентінде мәдени-спорт кешенінің қабырғасы жартылай құлап түскені белгілі болды. Оқиғаға қызметкерлер куә болады. Бұл кезде ғимарат жөндеуден өткізіліп жатқандықтан, кешеннің ішінде ешкім болмаған көрінеді. 

Кәсіпорын қызметкерлері де, ғимаратты қайта құруды жүзеге асыратын мердігер ұйымның өкілдері де зардап шеккен жоқ. Оқиғаның себептері анықталып жатыр, - деп хабарлады "Шұбаркөл көмір" АҚ баспасөз қызметі.

Компания өкілдерінің айтуынша, ғимарат 1989 жылы салынған. "Центральный" кенішінің аумағында орналасқан бұл мәдени-спорт кешенін жөндеу жұмыстары сәуір айында басталған. Кешенді қайта құру арқылы бүкіл ғимаратты қалпына келтіру жоспарланған екен. 

Әзірге компания қызметкерлерінің бос уақытын ұйымдастыру үшін вахталық кентте 2019 жылы салынған ашық футбол алаңы мен воркаутпен айналысуға арналған алаң бар», - деп мәлімдеді компания өкілдері.

Қарағанды облысы Вахталық қалашық Апат

Новости по теме