Placeholder
Новости Казахстана19 мая 2023, 18:49

Қарағанды ​​облысында кәмелетке толмаған 75 қыз жүкті болып қалған

Биыл жыл басынан бері Қарағанды ​​облысында 16 мен 18 аралығындағы 75 оқушы мен студент жүкті болып қалған, деп хабарлайды Arbat.media.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда көп. Былтыр осы уақытта 69 кәмелетке толмаған жасөспірім тіркелген. Бұл туралы Қарағанды ​​облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Жиембаева білім беру ұйымдары мен полиция департаментінің басшыларымен кездесуде айтты.

"Көбіне біз бұл деректерді кеш білеміз. Әдетте, қыздар жүктілігін ата-аналарынан жасыруға тырысады, оны тек іші өсе бастағанда және ұрықтың белсенді қозғалысы пайда болған кезде ғана мойындап жатады. Біз бұл жағдайлардың бәрін тіркеп, ай сайын полицияға хабарлап отырамыз. Олардың әрқайсысына қатысты іс жүргізіледі. Биыл 75 жүкті қыздың көпшілігі балаcының әкесімен қосылды", - деді дәрігер.

Сонымен қатар дәрігер зорлау салдарынан да кәмелетке толмағандардың жүкті болған фактілері кездесетінін айтып өтті.

Айта кетейік, былтыр Қарағанды ​​облысында 186 кәмелетке толмаған бала жүкті болған.

Кәмелет ерте жүктілік

Новости по теме