Placeholder
Новости Казахстана26 сентября 2023, 20:00

Қаңтар: Талдықорғанда полиция ғимаратынан қару ұрлағандар сотталды

Талдықорған сотында 6 күдіктіге қатысты қаруды ұрлау, заңсыз сатып алу, сақтау фактісі бойынша қылмыстық ісі қаралды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл тралы ҚазАқпарат хабарлайды

Сотта анықталғандай, 2022 жылы қаңтардың 5-нен 6-на қараған түні екі ер адам Полиция департаментінің ғимаратынан атыс қаруы мен оқ-дәрілерді ұрлап, кейін олардың бірі өзінің екі танысын қару сатуға көндірген. Таныстары қару мен оның керек-жарақтарын сатып алатын екі адамды табады.


«Осы жылдың 18 қаңтарында екі сотталушы сатып алушымен кездесіп, оған 1 миллион теңгеге 2 автомат пен патрондары бар карабин сатып алуды ұсынған. Сол күні кешке полиция қызметкерлері оларды ұстады», - делінген қалалық сот мәліметінде.

Сотталушылар өз кінәларын толық мойындап, өкінетіндерін айтты. Сот 6 айыпталушының әрқайсысына 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындап, жазаларын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуге үкім шығарды.

Қаңтар оқиғасы Талдықорған Қару-жарақ тонаушылар

Новости по теме