Placeholder
Новости Казахстана9 марта 2023, 17:22

Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Қорғаныс министрі 12 жылға сотталды

Еліміздің экс-қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 12 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық әскери соттың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Бектанов қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық әскери соттың 24.02.2023 жылғы үкімімен ҚР ҚК 451-бабының 3-бөлігі бойынша сотталды (билікті асыра пайдалану), оған ең жоғары қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды", - деп жазылған сот хабарламасында.

Өткен жылы Қаңтар оқиғасынан кейін еліміздегі бірқатар күштік құрылым басшылары қамауға алынған болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев Мұрат Бектановтың басшылық міндетін дұрыс атқармағандықтан қызметінен босатқанын мәлімдеді. Кейін оның қамауға алынып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны белгілі болды. 

 

Мұрат Бектанов сот Қорғаныс министрі Қаңтар оқиғасы

Новости по теме