Placeholder
Новости Казахстана15 июня 2023, 13:10

Қамауға алынған Төреғали Төреәлінің суреті жария болды

Кеше есірткі тұтынып, көлік басқарған күйде полициядан қашқан Төреғали Төреәлінің суреті жария болды, деп хабарлайды Arbat.media.

Желіде кең таралған суретте оның полиция ғимаратының маңында қызметкерлердің қасында тұрғаны байқалады. 

Алматыда жол талғамайтын көлікпен полициядан қашқан танымал әншінің бірнеше қызметкер күштеп түсіріп алған болатын. Оқиға кезінде оның қасында әйелі болған. 

Алайда белгі берілгеніне қарамастан ол полиция көлігін соғып, оқиға орнынан қашпақ болған. 

Кейін сот шешімі бойынша ол айыпты деп танылып, 20 тәулікке қамауға алынды. Оған бірнеше бап бойынша ереже бұзды деген айып тағылған. 

Төреғали Төреәлі Әнші Қамау

Новости по теме