Placeholder
Новости Казахстана29 декабря 2022, 19:42

Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа істер тергеліп жатыр

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ісі не қатысты басқа да эпизодтар тергеуде қаралып жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды arbat.media.

Басты іс бойынша тергеу амалдары аяқталып, шешім шығарылды. Енді, ары қарай тиісті жұмыстар жүргізіледі, - деді Ұлан Сарқұлов Сенаттың жалпы отырысынан кейін. 

Агенттік өкіліне Қайрат Сатыбалдыға қатысты басқа қандай істердің тергеліп жатқаны туралы сауал қойылған. Ол өз жауабында қазір экс-президенттің інісіне қатысы бар басқа деректер тергеліп жатқанын жеткізді. Қыркүйекте шыққан сот үкімінен кейін барлық істер бойынша активтерді қайтару туралы жүйелі жұмыс жүріп жатқан көрінеді.  

Тергеу құпиялығын сақтау мәселесі бар екенін түсіну керек. Егер барлық деректерді ашық жарияласақ, онда бұл әрекет тергеуге кедергі келтіруі мүмкін», - деді Ұлан Сарқұлов.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалды 13 наурызда қамауға алынып, оған қатысты тергеу жұмыстары басталған еді. Қыркүйек айында Астана қаласында Байқоңыр аудандық соты оны 6 жылға бас бостандығынан айырды. 

 

 

Қайрат Сатыбалды сот Тергеу Үкім

Новости по теме