Placeholder
Новости Казахстана8 февраля 2023, 20:50

Президент сайлауында сүрінген Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден бір партиядан депутаттыққа түседі

Өткен жылы президент сайлауына түскен Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден "Ауыл" партиясы атынан депутат болудан үмітті, деп хабарлайды Arbat.media.
 
"Ауыл" партиясы Мәжіліс сайлауына қатысатын кандидаттар құжатын Орталық сайлау комиссиясына тапсырды.
Саяси партия ұсынған тізімде 25 үміткер бар. Партия төрағасының орынбасары Анас Баққожаевтың айтуынша, квоталардың барлығы талапқа сай енгізілді. Кандидаттар арасында 6 әйел енген. Сондай-ақ, үміткердің ең жасы 25-те.
 
Олардың арасында Президент сайлауына қатысқан Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. Сонымен бірге, ақпарат және қоғамдық даму экс вице-министрі Серік Егізбаев, Е.Бөкетов университеті филология факультетінің бұрынғы деканы Қуаныш Сейітжанов  сынды үміткерлер бар. 
 
Бұған дейін орталық сайлау комиссиясына "Ақ жол", "AMANAT", Pespublica партиясынан сайлауға қатысатын тізім белгілі болған еді. Партиялардың арасында ең көп адам "AMANAT" партиясынан ұсынылған. 
Жигули Дайрабаев сайлау Парламент Ауыл

Новости по теме